Роза Рымбаеваның екінші ұлы алғашқы әнін жаздырды  

Сәрсенбі, 31 Тамыз , 2016 16:38

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов эстрададан өзіндік орнын тапты. Бүгінде Әлидің әр әнін тағатсыздана күтетін тыңдарманы, жанкүйері бар. Енді, міне, Рымбаеваның кенжесі де ән жаздырып, шоу-бизнес әлеміне алғашқы қадамын жасады.

77109-preview-image

Фото: КазПравда

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Роза Рымбаева мен Тасқын Оқаповтың кіші ұлдары Мади Рымбаев «Сені ойлап» атты туындысын жарыққа шығарды.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында 16-жасар Рымбаев алғаш рет үлкен сахнада ағасымен бірге ән айтты. Бұл Халық әртісінің сахнада жүргеніне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерт еді.

Ал Мадидің жаңа туындысын тыңдаған тыңдармандардың бірі оның даусын анасына, ал екіншілері ағасы Әли Оқаповқа ұқсатты.

«Даусы Роза апайдікіне ұқсайды екен», «меніңше оның түрі де, даусы да өзгеше», «ән әдемі, бейнебаян күтеміз», «өнерің өрге бассын», «дауысы құлаққа жағымды екен», «жарайсың», – деп жазған желі қолданушылары.

Ал біз кіші Рымбаевқа «қызығы мен шыжығы қатар жүретін шоу-бизнес әлеміне қош келіпсің!» дегіміз келеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Әли Оқапов түсінде әкесімен жиі әңгімелесетінін айтты

Роза Рымбаева Омскіде керемет лимузинмен серуендеді (фото)

Әли Оқапов қыздармен танысудан жасқанатынын айтты

Рымбаева: Батырхан кей жерде үнсіз қалып, басын изеуге мәжбүр болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Дауысында анасынан дарыган асем үн естіледі

  • Анонимно says:

    Казакша сойлегим келмейди дейди.оленди казакша айтады дебил.акша керек рЫмБаека

  • Жұмбақ жан says:

    Алдааау даусы жаксы екен

    • Анонимно says:

      Дауысы керемет,мамасынын дауысынан аумайды,болайын деп турган бала,болашагын зор болсын,Мадижан

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар