Роза Рымбаеваны алғашқы ұстазы тосынсыймен қуантты

Сәрсенбі, 22 Қараша , 2017 11:06

Алғашқыда 60 жастығын Астанада атап өткен Роза Рымбаева, меншікті мерекесін таяуда туған ауылының сахнасында да тойлады. Енді, әншімен қауышу Алатау баурайындағы тыңдарманға бұйырған еді. Халық әртісі дәл осы кеште өзін тәнті қылған тосын-сыйға да тап болды.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әдетте, Роза Қуанышқызы жүзге жуық музыканттарды жанына жиып, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән кешін өткізетін. Бұл жолы Халық әртісі концерттік бағдарламаның тек 30 пайызын өз мойынына жүктеген.

“Ең біріншіден бұл жеке ән кеші емес. Яғни, біз ұйымдастырған емес, анамның құрметіне, мерейтойына орай бүкіл эстрадамыздың жарқын жұлдыздары жиналып дегендей, осындай кіші-гірім гала-концерт өтуде”, – дейді Әли Оқапов.

Сондай-ақ, осы кеште өзге өнерпаздарға Халық әртісінің репертуарын жаңа нұсқада орындау бұйырған. Қазақ сахнасының қазіргі символы Роза Қуанышқызы болса, шырқалған ретро әндерін жұртпен бірге отырып тыңдады.

“Бірақ бұлардың барлығы мен үшін тосын-сый! Себебі, мен оларды көрген жоқпын, тыңдаған жоқпын. Бұл мен үшін ерекше бір концерт. Кеш бойы сондай тосын-сыйлар болады”, – дейді Роза Рымбаева.

Иә, нағыз тосын-сый деп осыны айт! Бұл кеште Роза Қуанышқызы алғаш әріп үйреткен ұстазымен қауышты.

Роза Рымбаева өнер жолында «бақытты әнші» екенін айтады. Ал, аты ТМД-ға танымал Халық әртісі үйде қандай ана?!

“Мамам негізінде көп сөйлемейді. Өте сабырлы адам. Ешқашан жынданбайтын, айхай шу көтермейтін адам. Бір нәрсе бүлдірсең, саған барлығын түсіндіріп береді. Бірақ қатты кетіп қалсаң, таяқ жейсің, енді не істейсің”, – дейді Роза Қуанышқызының кіші ұлы Мәди Рымбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Кішкентай аттастарымен ән айтқан Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)

Димаш Лос-Анджелесте тұратын талантты қазақстандықпен кездесті

Жұлдыз Өмірғали алғаш рет Айқын екеуіне қатысты бар шындықты айтты

Өмірім өзгерді: Жұрт Ақбота Сейітмағамбетті ашық сұхбатынан кейін қолдай бастаған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар