Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай аттастарымен ән айтқан Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)

Жер-жерді аралап, концерт қойып жүрген Қайрат Нұртас күні кеше кішкентай аттастарымен бірге ән шырқап, дүйім жұртты сүйсіндірді. Әнші Орал қаласында өткен концертте Қайрат есімді жеткіншектерді сахнаға шақырып, олармен бірге “Өмір ғажап” әнін орындады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бір қызығы, сахнаға аяқ асты шыққан балалар Қайраттың әнін мүдірместен айтып шыққан. Бұл ретте инста-оқырмандар бейтаныс балаларды жатсынбай, керісінше демеу көрсетіп, шабыт берген Қайратқа деген ризашылықтарын жеткізді.

“Жарайсың Қайрат, жас бүлдіршіндерге күш беріп, өнеге көрсетіп жатқаныңа мың алғыс”, “Қайраттай ұл тəрбиелеген баласының жетістігіне жетуіне еңбек еткен анасы, өте тамаша, жан еңбегінің жемісін көріп жатқан ана, мен қуанам қазағымыздың осындай əнші дара баласының болғанына”, “Не деген қарапайымдылық”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Орал қаласының кішкентай Қайраттары.😍👍😘😘😘👏👏👏

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Жіберіп алмаңыз:

10 жасар бала Қайрат Нұртастың клипіне айнытпай пародия түсірді (видео)

Димаш Лос-Анджелесте тұратын талантты қазақстандықпен кездесті

Асхат Тарғын: Алғашқы жұбайыммен араласпаймын, бірақ қызым үшін аянып қалмаймын (фото, видео)

ҰОС ардагеріне көмектескен Асылхан Төлепов дүйім жұртты тамсандырды

Талқылау