Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке 1 миллион теңге аударды
Халық əртісі Роза Рымбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда бастау алған «Менің мектебім» жобасына үлесін қосты. Роза Қуанышқызы өзі білім алған мектепке 1 миллион теңге аударды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Айта кетейік, бүгін ШҚО-ның барша кәсіпкерлері “Туған жер” атты форумда бас қосты. Облыс басшысы Даниал Ахметов ШҚО кәсіпкерлерінің өңірдің дамуына қосқан үлестерінің зор екенін атап өтті. Кәсіпкерлердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» атты жобаға белсене атсалысқанын тілге тиек етті.
Даниал Ахметовтың айтуынша, аталған жоба аймақтағы барлық мектепті заманның озық биология, химия, физика және робототехника кабинеттерімен жабдықтауды көздейді.
«Өңірдегі барлық білім ордалары Назарбаев Зияткерлік мектебінен кем болмауы керек», – деді әкім.
ШҚО кәсіпкерлері әкімнің бастамасына қолдау білдіруде. Сондай-ақ, атақты әнші Роза Рымбаева да туған жеріне септігін тигізіп, өзі түлеп ұшқан білім ордасына 1 миллион теңге аударды.
Кəсіпкерлер мен танымал тұлғалар тарапынан жиналған қаражат «Парыз» атты облыстық қорға аударылып, сол қордан өңірдегі мектептерге бағытталмақ. Айта кетерлігі бүгінгі күнге дейін «Менің мектебім» жобасына 2 млрд 300 млн теңге жиналған.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғалидің ата-енесі 3 жылға кешігіп жасалған тойға қатысты пікір білдірді
Қазақстандық биші Шешенстан президентінің қолынан жүлде алды
Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін
Айдана Меденова алғаш рет жолдасы Әлішердің бірінші әйелі жайлы ашып айтты
Ерке Есмахан өзін “ажырасқан әйел” деп атаған блогерге ұрсып тастады