Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ростов тұрғыны сағатына 72 шақырым жылдамдықпен зулайтын велосипед жасап шықты (видео)

Ростовта тұратын өнертапқыш Игорь Негода өзінің велосипедін реактивті қозғалтқышпен жабдықтады. Енді оның екі дөңгелекті көлігі жылдамдықты сағатына 72 шақырымға дейін жеткізе алады.

5555

Ол қарапайым велосипедке 18 келілік турбина орнатып, жанармай құйылған багын рюкзагын салған.

Арнайы жабдықсыз жылдамдығы сағатына 39 шақырым болса, механизм орнатылғаннан кейін 72 шақырымға дейін жылдамдықты ұлғайта алған. Өнертапқыш мұнымен тоқтап қалмаймын дейді.

Ал желі қолданушылары болса оның өнертабысына үлкен таңғалыс білдіріп жатыр.

“Менің бала кездегі арманымды орындадың” деп жазады желі қолданушысы. Өзгелері де мұндай ерекше өнертабысқа қолдаушылық танытқан.

Оқи отырыңыз:

Құтқарушылар 7 жасар баланы кір жуғыш машинадан алып шықты (видео)

Жасөспірім “лайк” жинау үшін жоғарғы қабатқа өрмеледі (видео)

Журналист ноутбугын сенатордың басына құлатып алды (видео)

Алматыда тура жол бойында көкпар тартқандар көліктегілердің зәресін ұшырды (видео)

Талқылау