Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналду спорттан қашан кететінін айтты

Мадридтік “Реал” мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду үлкен спорттағы мансабын қашан аяқтайтындығын айтты.

294899

Сурет s.ill.in.ua

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

“Мен әзірге “Реалда” боламын. “Реалдағы” мансапты қашан тәмамдауым мүмкін дейсіз бе? Жалпы спорттағы мансап туралы айтатын болсам, қайткенде де әлі 15 жыл жасыл алаңда өнер көрсетемін. Шамасы сол 41 жасқа келген кезде спорттан кететін боламын”, – деген Роналду шетелдік AS басылымына берген сұхбатында.

Роналдудың “Реалдағы” келісім-шарты 2018 жылдың маусым айына дейін есептелген. Десе де корольдік клуб футболшыны әзірге сатпайтын секілді. Егер, трансферге қойылатын болса, онда португалиялық сұрмергенді қатарларына қосуға “ПСЖ”, “Манчестер Юнайтед” секілді алпауыт командалар үмітті болмақ.

Талқылау