Роналду мен Месси бір-бірінен ондаған метр қашықтықта демалып жатыр (фото)
Танымал футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Лионель Месси жазғы демалыс орыны ретінде бір аралды таңдапты.
Суреттер vk.com
Бұл туралы isport.ua хабарлайды.
Желіде бұған Мессидің Ибицада яхтада демалып жүрген суреттері жарияланған еді.
Ауыр әрі табысты аяқталған Европа чемпионатынан соң Роналду да отбасымен бірге аталмыш теңізге тартып отырыпты. Қазіргі таңда екі футболшы бір-бірінен небәрі ондаған метр қашықтықта ғана жүр екен. Олар Ботофоч деп аталатын бір айлақта демалуда.
Месси де Испания чемпионаты және Америка Кубогынан кейін демалысын отбасымен өткізіп жатыр. Аргентина құрамасы Америка Кубогының финалында Чилиден ұтылып, Месси ұлттық құрамадан кету туралы шешім қабылдаған болатын. Кейінірек футболшы бастапқы райынан қайтып, ел құрамасы сапында өнер көрсетуді жалғастыратынын айтты.
Месси өз мансабында бес мәрте әлемнің үздік футболшысы атағын жеңіп алды. Ал мұндай марапатты Роналду үш рет иеленген. Жасыл алаңда қос мықты бір-біріне бәсекелес саналады.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
