Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналду ата-анасынан айрылып қалған баламен кездесетін болды

 Роналду Ливандағы терактіде ата-анасын жоғалтып алған баламен кездесетін болды.

5

Ливандағы террорлық әркеттен 40 адам қаза болып, 200 адам жарақатанған еді. Рана Арби есімді тілші өзінің твиттер парақшасына “реалдың” футболкасын киіп алған 3 жасар баланың суретін салып, ” Айдар Роналдомен кездескісі келеді” деп жазған.

Бұл ақпарат тез арада таралып кетті. Артынан “Реал” футбол клубының өкілі баланың жақындарына хабарласып, футболшымен кездесуін келіскен.

-Мен де сөз жоқ, оған әлі де сене алмаймын. Бірақ  Айдар Роналдомен кездесетін болды. Бәріне рахмет! Мен өз мінедтімді орындадым” деді тілші Рана.

 

Талқылау