Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио олимпиадасында боксшылар шлемсіз шайқасатын болды

Биылғы жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарында боксшылар шаршы алаңға шлем кимей шығатын болды. Бұл боксшылардың бас киіміне қатысты соңғы 32 жылдан бері болып тұрған алғашқы өзгеріс.

6666

Сурет chm2013.kfb.kz

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Халықаралық олимпиада комитеті AIBA-ның бұл шешімімен келісті.

“Біз Рио ойындарында шлем болмайтындығына қуаныштымыз. Бұл шешімді боксерлер мен осы бір керемет спорттың жанкүйерлері асыға күтті. Боксшылар да, бапкерлер де, біздің жүргізген статистикалық зерттеулеріміз де бұл шешімнің дұрыстығын дәлелдейді. Шлемсіз бокс – бұл үлкен жетістік”, – дейді AIBA президенті Чин-Куо Ву.

Ерлер арасындағы әуесқой бокста шлемге 2013 жылы маусым айында шектеу қойылған. Алғаш рет бұл сынақ 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қолданылған еді. Сол сайыста ешқандай боксшының миы шайқалып, басқа да ауыр жарақаттар алған жоқ. AIBA медициналық комиссиясының 11 мың жекпе-жекке жүргізген талдауының қорытындысында 2013 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта бастан алатын жарақат саны 43 пайызға дейін азайған.

Боксерлер соңғы рет 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен олимпиада ойындарында шлемсіз рингке шыққан болатын.

Талқылау