Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риелтор қазақстандық олигарх Парижден сатып алған 65 млн еуроның үйін көрсетті (фото)

Қазақстан Үкіметінің өкілі 65 миллион еуроға үй сатып алған кезде Mercedes G және Maybach көліктерін  күзетшілері мен өзі пайдалануға қоса  алған.

Сурет:Брокер Игнас Мювиссен жеке мұрағатынан.

Үйді сатып алуда көмек қолын созған риелтор  құны 65 миллион еуро тұратын үйді көрсетті. Брокер Игнас Мювиссен  Sputnik Қазақстан басылымына берген сұхбатында бұған дейін де  Қазақстандық байлармен көптеп жұмыс істегенін айтқан.

«Мен жылжымайтын мүлік саласында 20 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Байлармен жақсы қарым-қатынастамын. Жақсы әрі сенімді қызметімнің арқасында әлемдік дәрежедегі байлардың сенімін ақтап жүрген жанмын. Қазақстаннан бірнеше клиентім болды. Негізінен Кеңес үкіметі құрамында болған елдердің адамдарымен жұмыс істеймін. Тәжірибеме сүйене отырып айтар болсам, сол елдерден  Еуропаға көшетіндер саны жыл санап  артып келеді»,-дейді Игнас Мювиссен.

Оның сөзінше клиенттерінің көбі өздерінің кім екенін жасырын қалдыруды сұрамайды да екен. Бірақ Қазақстан Үкіметі өкілімен тура қазір риелтор арқылы байланысу мүмкін емес болып шықты.

«Шынымен іздеп кіріссеңіздер менің кіммен жұмыс істегенімді ғаламтордан таба аласыздар. Бірақ мен өзіме тапсырыс берушінің отбасы мен өзіне қауіп төнбес үшін өзін «жасыру» ұсынысын құрметтеймін. Ол кісіні үй сатушымен жеке кездестірдім. Олар екі сағатқа жуық сөйлесті. Нәтижесінде сатушы мен сатып алушы ортақ келісімгекелді.»,-дейді Игнас Мювиссен.

Оның сөзінше 65 миллион еуроға үй алған қазақстандық олигарх  жеке күзеті үшін екі Mercedes G көлігі мен өзі жүргізу үшін екі Maybach сатып алған.

Риелтордың сөзінше  жылжымайтын мүлікте ақшасын сақтағысы келетіндер Парижден жиі  үй алады екен.

Құны 65 миллион еуро тұратын үйдің бұрынғы иесі бірнеше пәтерді біріктіріп, хан сарайындай жайлы әрі ерекше дизайндағы баспананы өзі арнайы жасатқан.  Әрі ол үйдің интерьерін өзгеше етудің өзіне 100 мың еуро жұмсаған екен.

Оқи отырыңыз:

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелді соттады

 

Талқылау