Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерлік блогер сепаратизм ісі бойынша сотталды

Қарашаның 18-і күні кешке Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық соты 26 жастағы блогер Игорь Сычевті ​”сепаратизмге шақырғаны үшін” бес жылға соттады. Түрмеге кесілген Сычев айыпты мойындамайды.

AFE920AE-C6E2-4556-A182-F601700CE400_w640_r1_s_cx0_cy1_cw0

– Үкімге қатысты аппеляциялық сотқа міндетті түрде шағымданамыз, – деп мәлімдеді сотталған блогердің адвокаты Игорь Шигрин Азаттыққа.

Игорь Сычев тергеу кезінде және сот процесінде, оның ішінде бүгін таңертең тараптар жарыссөзінде сөйлегенде және өзіне соңғы сөз бергенде тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген.

Тараптар жарыссөзін бастаған прокурор соттан Сычевті бес жылға соттауды сұрады. Қырымды Ресей құрамына бөліп алғаннан кейінгі Украинадағы жағдайға сілтеме жасаған прокурор Сычев «көбінесе орыс халқы тұратын аймақта» сепаратистік көңіл-күй тудыруға тырысқан әрекеттерге қасақана барған деп мәлімдеді.

Сычев ісіне қатысты процесс барысын бақылаған жергілікті құқық қорғаушы Александр Харламовтың Азаттыққа айтуынша, блогердің соты Риддерде үлкен әсер тудырған.

– Игорь Сычевті қолдау үшін сотқа өте көп адам келді, – дейді Александр Харламов.

Құқық қорғаушы Сычевке сепаратизм бабы заңсыз қолданылды деп санайды.

Игорь Сычев ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Подслушано в Риддере» парақшасы администраторларының бірі болған. Биыл көктемде ол топ парақшасында «Дауысқа салу Риддер қаласында өтіп жатыр деп елестетіп көрейікші» деген тақырыппен сауалнама жариялап, оқырмандарға Шығыс Қазақстан облысын Ресей федерациясы құрамына қосуды «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп жауап беруді ұсынған. Жұрт наразылық білдірген соң ол әлгі дауыс беруді алып тастаған. Кейін Сычевке айып тағылған.

Радио Азаттык

Талқылау