Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Режиссер Талғат Теменов театрға бас сұқпайтын шенеуніктерді сынға алды

Белгілі кино және театр режиссері, қазір мемлекеттік академиялық қазақ музыка-драма театрына жетекшілік жасап отырған Талғат Теменов шенеуніктерді сынға алды. Ол әкімдер мен министрлер театрға бас сұқпайды деп ренішін білдірді.

ccc57a6a858de896a2b8a9a9568

Сурет astinfo.kz

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

“Қазақстандағы театрға деген көзқарас әлі екінші деңгейде қалып келе жатыр. Мен өзі билет алып театрға келген бірде-бір облыс әкімін немесе министрді көрмеппін. Олар “Астана Операға” барады, түсінемін ол өте керемет ғимарат. Бірақ, басқа қала мен облыстардағы театрларды да ұмытпау керек. Шенеуніктер театрдың тек құр спектакль көретін жер емес, тәрбие беретін, жан-дүниеге серпіліс сыйлайтын орын екенін түсінген кезде мұндай қасаң көзқарас өзгереді”, – дейді Теменов.

Талқылау