Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық режиссер әлемдік жұлдыздармен бірге фильм түсірмек

Режиссер Саламат Мұхаммед-Әли өзінің “Құлдар” атты жаңа фильмінде АҚШ-та интеллектуалды құлдыққа жегілген қыз туралы баяндайды. Картинаның продюсері “Оскар” сыйлығының лауреаты Грей Фредриксон. Ол “Өкіл қайын ата” әйгілі жобасында жұмыс істеген. Түсірілім жұмыстарының негізгі бөлігі Америкада өтеді.

06d170fef9d69de2655c73c936568675

Сурет yvision.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Бұл талантты қыз жайлы болмақ. Қылмыстық оқиғалардың әсерінен ол Нью-Йоркке тап болып, онда бір олигархтың интеллектуалды құлына айналады”, – дейді режиссер.

Қазір алдын-ала сценарийді әлемдік аудиторияға бейімдеп жатыр екен. Бюджеті де нақты қарастырылу үстінде. Ресей, АҚШ, Қытай және Қазақстан инвесторларымен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Фильмнің актерлік құрамы әлі бекітілмеген. Дегенмен, картинаға қазақстандық және америкалық актерлер түседі деп күтілуде.

Талқылау