Рейхстагқа атын жазып қалдырған майдангер Шымкентте тұрады

Сәрсенбі, 30 Наурыз , 2016 8:11

Жастық шағы қан майданда өткен соғыс ардагері Алексей Воронкин биыл 90 жасқа толды. Елін жаудан азат етіп, тыныштығын күзетуде 7 жылын сарп еткен ардагерді Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов арнайы құттықтай барып, тарту-таралғы жасады.

20160330001326

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Берлинді жаудан азат етуге атсалысып, Рейхстагқа өз есімін жазып қалдырған соғыс ардагері қонақтарын өзі күтіп алды. Ғасырға жуық ғұмыр кешсе де, әлі тың. Жүрісі ширақы. Ойын да анық жеткізеді. Өзін мерейтойымен құттықтап келген топқа қатты қуанып қалды.

Отан үшін от кешіп, жеңісті жақындатқан батырдың естеліктерін тыңдауға осы аумақтан сыннан өткен депутат және ардагерлер кеңесінің төрағасы да келді. Майдангердің айтқан естеліктерін тыңдап, соғыстан кейінгі жылдары өңірдің өркендеуі жолында сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін айтқан олар, өздерінің, өскелең ұрпақтың тілегін жеткізді.

1943 жылы әскерге шақырылған Алексей Воронкин бірден Хвалинск қаласына №7 оқу автополкіне жіберіледі. 1944 жылы №396 жеке жаяу артиллериялық полкінің құрамында майдан шебін бұзуға қатысады. Маршал Жуковтың басқаруымен Белорусия майданында болғанын еске алды қария. Варшавадағы бөгеттерді бұзып өтіп, Берлинмен шекаралас Одер қаласын жаудан азат еткен күндері ұмытылмақ емес.

«Бұл бір қырғын соғыс болды. Қорғаныс мықты еді. Артиллериялық күш те осал емес. Аса көп қиыншылықпен шепті бұзып, Берлинге қарай жылжыдық. Немістер соңына дейін шайқасты. Біз де беріспедік. Ішер тамақ, киер киім болмады. Жалғыз шинельмен соғысқан сәттер болды. Сөйтіп жүріп, 2 мамыр күні, 1945 жылы жауды тізе бүктірдік. Жауынгерлердің барлығы Рейхстагқа лап берді. Мен де тек алға жылжып, «Мұнда шымкенттік Воронкин болған» деп жазу қалдырдым», декп еске алады ҰОС ардагері Алексей Воронкин.

20160330001343

Сол жылы 9 мамырда атап өткен Жеңіс күнінің де әрбір сәті қарт жауынгердің жадынан шыққан емес. Ең жас жауынгер қанды, қаралы күндер аяқталса да еліне бірден қайтпай, 1950 жылға дейін Германияда әскери салада қызмет етеді. «Отан соғысының ардагері», «Варшаваны жаудан азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдерімен марапатталады.

20160330001334

Өткен күндер естелігі көкірегінде сайрап тұрған ардагер бүгінгі бейбіт заман мен тоқшылық өмірге тәуба етеді. Шаңырағына келген қонақтарға «Бүгінгі ұрпақ бақытты балалығынан, жалындаған жастық шағынан айрылмасын» деген тілегін айтып, батасын берді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар