Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік «Универ» телехикаясының жұлдызы отандық әншінің алғашқы бейнебаянына түсті (видео)

Khan лақап атымен белгілі қазақстандық жас әнші Ілияс Сархад жаңа бейнебаянын таспалады. Әншінің бейнебаянына ресейлік «Универ» телехикаясының жұлдызы Юлия Франц түскен.

Ресейлік «Универ» телехикаясының жұлдызы отандық жас әншінің алғашқы бейнебаянына түсті (видео)

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жас әншінің алғашқы бейнебаянының түсірілімі Мәскеуде өткен. Танымал актриса «Ты одна» әніне таспаланып жатқан бейнебаянның басты кейіпкері болды.

«Сюжет бойынша Khan сұлудың жүрегін жауламақ болады. Бұл оның қолынан келе ме, жоқ па, оны жақында білетін боламыз», – дейді әншінің PR-менеджері Мақсат Мәдікәрімов.

Ресейлік «Универ» телехикаясының жұлдызы отандық жас әншінің алғашқы бейнебаянына түсті (видео)

Бейнебаян қыркүйек айының ортасында көрермендер назарына ұсынылады.

Ресейлік «Универ» телехикаясының жұлдызы отандық жас әншінің алғашқы бейнебаянына түсті (видео)

24 жастағы әнші Ілияс Сархад өзін вокалдық ипровизация шебері, сазгер әрі музыкант ретінде танытпақ.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Khan_SaRkhaD (@khan_sarkhad)

Ал актриса Юлия Франц жастарға арналған ресейлік танымал «Универ» телехикаясында Викторияның рөлін сомдаған. Сонымен қатар ол «Ищите маму», «Развод», «Весь этот джем», «Крыша мира» және «Гоголь» фильмдерінде рөл сомдаған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау