Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік промоутер Левит пен Тищенконың қарымта айқасын ұйымдастыруды ұсынды

Ресейлік промоутер Андрей Рябинский қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасында әуесқой бокс қағидасы бойынша тағы бір айқас өткізу туралы бастама тастады.

454771

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Меніңше, Тищенко-Левит жекпе-жегін ұйымдастыру қажет. Жақсы жүлдемен. Сұрақ қалмау үшін. Бұл идеяға қалай қарайсыздар? Көпшілік үшін қызықты болар еді», – деп жазды өз твиттерінде Рябинский.

Бұдан бұрын «Бокс әлемі» промоутерлік компаниясының президенті Рябинский Левит пен Тищенкомен кәсіби деңгейде ынтымақтасуға әзір екенін мәлімдеген.

Еске салсақ, Рио-де-Жанейродағы олимпиадада Тищенко-Левит айқасы жанжалға ұласты: қазақстандық боксшы жекпе-жектің көп бөлігінде басым түскенімен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс қарсыласына берілді.

Жіберіп алмаңыз:

Левиттің даулы жеңілісінен кейін AIBA кейбір төрешілерді босатты

Америкалық букмекерлер Левиттің жеңісіне бәс тіккендерге ақша бере бастады

Левиттің алтын медалін «сыйға» алған ресейлік боксшы Путиннің күзетшісі болып шықты

Левит-Тищенко жекпе-жегін қайта қарау туралы петицияға 11,5 мың адам қол қойды

Левитке Олимпиада алтынына берілетін сыйақы табысталады

Талқылау