Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік қыз жігітімен бірге өз құрбысын зорлап, сол сәтті Periscope арқылы таратқан

Огайо штатының соты өзінің кәмелетке толмаған құрбысын зорлап тастаған ресейлік 19 жастағы Марина Лонинаға үкім шығарды. Марина оқиғаны видеоға түсіріп, Periscope желісінің тікелей эфирінде трансляциялаған.

444890

Бұл туралы Columbus Dispatch хабарлайды.

2016 жылдың 27 ақпанында Марина мен оның жігіті 17 жастағы қызға шабуыл жасайды. Марина қызды күштеп ұстап, ал оны Гейтс қосыла зорлаған. Марина болса сексуалды зорлық оқиғасын телефон камерасына түсіріп тұрған. Ол көп “лайк” жинау үшін видеоны Periscope желісі арқылы таратқан.

Тергеу барысында олардың бұл әрекетке арақ ішкеннен кейін барғаны анықталған. Сол күні Лонина мен 17 жастағы қыз бірге дүкен аралауға шыққан. Осы сәтте олар Гейтспен жолығып, жігіт оларды өз үйіне қонаққа шақырады.

Ал күдіктінің адвокатының айтуынша, Лонина да жігіттің құрбаны болған. Өйткені, Гейтс екеуіне қинап арақ ішкізгенге ұқсайды. Сот шешімімен ресейлік оқушы қыз бен жігіті Гейтс 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау