Ресейлік кондитер елді шулатқан торттың 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды

Өткен демалыста жаппай ел талқысына түскен тәтті торт жайында жаңа дерек пайда болды. Алып торттың авторы, әйгілі ресейлік кондитер оның 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

“179 мың доллар тұрмайды, олай болуы мүмкін де емес. Ал торттың шын мәнінде қанша тұратыны құпия, оны тек мен және тапсырыс беруші адам біледі. Сол да жеткілікті”, – деді Ренат Агзамов Instagram-да тікелей эфир барысында.

Ол тәтті торттың шын мәнінде қанша тұратынын жасырып қалды.

Айта кетейік, шымкенттік олигархтың тойына арнайы тапсырыспен алдырылған торттың биіктігі 4,2 метр, ал диаметрі 3 метр, салмағы шамамен 1500 килограмм.

Естеріңізде болса, шымкенттік олигархтың тойына әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің өзі қатысқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңгелік торт қазақстандықтарды таңдандырды (фото, видео)

Билл Гейтстің өзі жемеген: Қоғам белсенділері елді шулатқан торт жайлы

Ләйлә Сұлтанқызы 179 мың долларға торт алдырған олигархты қолдады

179 мың долларға торт пісірген ресейлік кондитер жайлы не білеміз (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар