Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік “Елки” комедиясының қазақша “Nayryz.kz” атты нұсқасы түсіріліп жатыр

Елімізде “Nayryz.kz” атты халық комедиясы түсіріліп жатыр. Аталған туындыда Жанар Дұғалова, Айқын Төлепберген, Нұрлан Қоянбаев, Берік Айтжанов сынды танымал жұлдыздар ойнайды.

новый коллаж

“SG Production” компаниясы бюджеті қомақты “NauryZ.kz” фильмінің түсірілім жұмыстарына кіріспек. Астана, Алматы, Шымкент сынды қалаларда түсірілетін фильм барлық жастағы көрерменге арналған.

Туынды махаббат пен шынайы достық, отбасылық құндылықтар мен арман-мақсаттар туралы. Наурыз мерекесі қарсаңында болған өзара байланысты 5 оқиғаны қамтиды.

Картинаның режиссері – “Үшеудің тойы”, “Әдел”, “30 жаста тұрмысқа шығу”, “Әкесінің қыздары” сынды туындылар арқылы танылып үлгерген Асқар Бисембин. Ал сценарийін Василий Земзюлин, Асқар Бисембин және Николай Пак бірігіп жазған.

Жоба авторлары фильмде күлкілі сәттердің көп болатынын айтады. Түсірілім жұмыстары тамызда басталып, екі айға дейін созылмақ. Дәл қазір кастинг жұмыстары толығымен аяқталған. Туындыда Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Нұрлан Қоянбаев, Айқын Төлепберген, Серік Шәріп, Жеңіс Омаров, Саят Мерекеұлы, Данагүл Темірсұлтанова сынды халықтың көзаймына айналған жұлдыздар ойнайды.

“Бұл мейірімге толы күлкілі фильм. Көздеріңізден жас шыққанша күлетін боласыздар. Туынды Наурыз мерекесінде армандардың расымен де орындалатынын дәлелдейді”, – дейді Алмас Сұлтанғазин. 2017 жылдың 16 наурызынан бастап Наурыз мерекесі қарсаңында көрермендерге жол тартпақ.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалова тарихи роман жазуды қолға алды

Депутат болмай қалған Жанар Дұғалова Америкаға аттанды

Жанар Дұғалованы министрлік берген марапатқа лайық емес дегендер желіде шу көтерді

Дұғалованың орындауындағы “Бұлбұл” әні тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)

Баян Есентаева енді Жанарды жақтап сөйледі

Талқылау