Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік дизайнер мысық бейнесіндегі сөмкелер шығарды

Ресейлік модельер және өзінің жеке брендінің негізін салушы Ульяна Сергеенко мысық бейнелі сөмкелер топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Аталған сөмкелер метталлдан, қымбат тастардан жасақталған.

fL0IuhMSNP8

Сурет vk.com

Бұл туралы lenra.ru хабарлайды.

Топтамаға бес түрі енгізілген. Дизайнердің шешімі бойынша, мысықтың көздерін перде жауып тұрады. Модельер бірнеше образдар жасап шыққан: қызыл көйлектегі цыған, үнді ханшайымы, Дэвид Боуидың тыңдарманы және кабар әртісі секілді образдар бар.

pic_731c8cdbdb5dd030b2e931bf024e639b

Ульяна Сергеенко өзінің жеке брендтерімен 2011 жылдан бері айналысып келе жатыр. Сән апталығында өзінің топтамаларын жиі таныстырып отырады. Мәселен, haute couture киімдері 2014 жылы Парижде көрсетілген. Топтаманы жасау кезінде інжумен өрнектеу, түрлі шашақтар технологиясын пайдаланған. Сөмкелерді қолмен өрнектеп шығуға 500 сағат уақыт кетіпті.

Бұл брендтің тұтынушылары арасында танымал адамдардан – топ-модель Наталья Водянова, Диана Крюгер, Мирослава Дума, Рианна және тағы басқалар бар.

pic_732bc4fb5a5bd696a102a67a96383060

pic_a713e3872fb169615bbfd47c12fcb2e6

pic_cc0e41633cdc4302f4a7ea688590fef4

 

 

Талқылау