Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып өлтірді

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 15:39

Он бес жастағы бозбала мен бойжеткен Псков облысының Струги Красные ауылында полицияға қарсы оқ атты. Одан соң бозбала әуелі қызды, одан соң өзін атып өлтірді.

Безымянный

Денис М. және Екатерина В. ауылдағы үйдің есігін іштен құлыптап алып, қару сақталған сейфті бұзған. Полицияны бойжеткеннің анасы шақыртқан. Шақыртумен келген полицияға оқушылар оқ атқан. Бұл әрекеттерін олар видеоға түсіріп, “Перископ” желісі арқылы тікелей эфирге таратқан.

wx1080

Видеода бойжеткен көрермендерге Дениспен қашып кеткенін, ата-анасымен келісе алмағандарын баяндап береді. “Орыстар берілмейді” деген сөзді ол бірнеше мәрте қайталаған. Полиция үйді қоршап, жастардың қаруын тартып алуға оқталды. Бірақ ол әрекетінен түк шықпады. Баспасөз мәліметі бойынша, Денис дос қызын, одан соң өзін атып өлтірген.

wx1080 (1)

Жасөспірімдер тоғызыншы сыныпта оқитын. Қайғылы оқиғадан үш күн бұрын олар ата-аналарынан қашып кеткен

Жіберіп алмаңыз:

Мұрынсыз туылған сәбидің қылығы көптің жүрегін елжіретті (фото)

Пластикалық отадан соң Кристина Агилераның түрі адам шошырлық күйге түсті (фото)

Шымкентте екі баланың анасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар