Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Бойжеткенді кеудесімен жауып қорғаған полицей оққа ұшып көз жұмды

Ресейде полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды. Краснояр облысы Дивногорск қаласында қызды өгей әкесінен құтқарып қалмақ болған полицей оқ жарақатын алды, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеп Stan.kz.

Өңірлік ІІД бөлімі хабарлағандай, 19 жастағы қыз полицияға хабарласып, өгей әкесінің үйге кіргізбей жатқанын айтқан. ТЖ орнына екі құқық қорғаушы аға сержанттар  Денис Сумин мен Павел Волосунов жеткен.

Сумин пәтерге кіруге тырысқан. Оны қолына аңшылық мылтығын ұстаған ер адам күтіп алыпты. Ер адам қызды атпақ болған екен. Бірақ полиция қызметкері 19 жастағы қызды мылтық оғынан қалқалап қалыпты.

Оқ атылғанын естіген екінші полицей подъезге қайтып келіп, әріптесіне көмек көрсетуге тырысқан. Қаскүнем оған да оқ атып, жарақаттаған. Жарақат алған екінші полицей подъезден қашып шыққан. Ол жарақат алған әріптесі мен қызды көшеге алып шығып, артынан көмек шақырады.

Бұл кезде қаскүнем пәтердің есігін жауып алып, тығылып қалған. Полиция қызметкерлері келгенде, пәтерден оқ атқан ер адам мен жұбайының денесін тауыпты.

Полицей Денис Сумин ес жимастан көз жұмды. Екінші полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Франциялық ер адам жер шарын 42 күннің ішінде аралап шықты

Полицейлердің 93 жастағы мүгедек әжейді қатыгездікпен тұтқындаған сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Ирактағы ең сұлу қыз фотосурет үшін елден қашуға мәжбүр болды

Белгілі актер Джордж Клуни өзімен достасқаны үшін достарына миллиондап ақша берген

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Желтоқсан, 2017 07:33
Талқылау