Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде «Қазақстан тауарлары» атты сауда орталығы ашылды

Екі елдің кәсіпкерлері әріптестікті дамыту үшін бір жыл бойы өзара келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде отандық тауарлар Ресей Федерациясы бойынша алғашқы болып, Иваново облысының тұтынушыларына ұсынылды.

????????????????????????????????????

Сурет: www.inform.kz 

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Бұл нысан көрші елдің жеңіл өнеркәсіп астанасы аталып кеткен Иваново қаласында орналасқан. Осы жобаны қолға алған қазақстандық тараптың еңбегі еш кеткен жоқ.

Осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы мен Иваново сауда-өнеркәсіп палатасы әріптестікті дамыту жөнінде меморандумға қол қойған еді.

Нақтырақ айтқанда, Ивановода қазақстандық өнімдерді дүйім жұртқа таныстыратын алаңды іске қосу мәселесі қарастырылған болатын. «Қазақстанда жасалған» таңбасымен шығарылған өнімдер алдағы уақытта Мәскеу, Владимирск, Кострома, Орск облыстарында да арнайы сауда оралықтарының сөрелеріне қойылатын болады. Ұн, макорон және кондитер өнімері, дәмдеуіштер мен консервілер осының барлығы Ресейдің ең ірі деген 220 сауда орталығы арқылы сатылымға шығады.

“Кеспенің түр-түрі және макорон өнімдері қызықтырып тұр. Әжемнің кеспе көжесі есіме түсіп кеткені. Сол кісінікі сияқты көже дайындауыма мына өнім көмектеседі деп ойлап тұрмын. Дәмді болатынына сенімдімін. Себебі, бұған дейін сатып алған тауарлардың сапасы да, дәмі де жақсы болған еді. Өзіме қатты ұнады”, – дейді тұтынушы Татьяна Козлова.

“Экологиялық таза өнімдер дер едім. Мына күнбағыс майы нағыз таза май екен”, – дейді тұтынушы Салимжан Амиров.

Ресейліктерді таң қалдырғаны, сапа мен баға қатынасы болып шықты. Айтуларынша, премиум сапаға жақын өнімдердің бағасы арзан. Тіпті «Еуропаның санкцияға түскен тауарларының орнын баса алады»,- дейді тұтынушылар.

“Соңғы жылдары біз екі елдің ынтымақтастығын арттырдық десем болады. Соның арқасында сауда үйінде жеміс-жидек, көкөністер, ауыл шаруашылығы өнімдері, кондитерлік тәттілер көптеп пайда болды. Бағасы да тиімді, – дейді Иваново облысы сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Леонид Иванов.

Иваново облысында 1 млн халық бар. Қазақстан тауарларына үлкен нарық бар деп айтуға болады. Негізі Қазақстанның тауарларына Иваново қаласында сұраныс бар деп ойлауға болады. Өйткені біздің тауарларымыз өте сапалы. Бағасы да Иваново өндірушілерінің бағасына қарағанда өте қабілетті болады”, – дейді «Атамекен» ҰКП РФ өкілдігінің директоры Берік Үмітбаев.

Орталық Ресейге тауарды жеткізу үшін болашақта көлік-логистикалық хаб құрмақшы. Қазақстандық тауарлар әсіресе оңтүстіктен көптеп жіберіледі деп жоспар бар. Бұл ретте қала билігі жер телімін берсе, қазақстандық бизнесмендер тауарды аймақтарға бөліп тарату қызметін атқаратын мекеме ғимаратын салмақ.

“Ресейдің кәсіпкерлері Оңтүстік Қазақстанда өздерінің инвестициялық программа бойынша үміттеніп отыр. Біздің Қазақстанның жігіттері осы Иваново қаласында үлкен логистикалық орталық ашамыз ба деп отыр”, – дейді ҚР кәсіпорындар қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаева.

Кәсіпкерлер болса ынтымақтастықты әрі қарай дамытамыз деп отыр. Нәтижесінде Қазақстан мен Ресейде бірлескен тағы бірқатар кәсіпорындар ашылмақ.

Талқылау