Ресейде балаға ерекше есім қоюға тыйым салынбақ

Жексенбі, 23 Қазан , 2016 19:40

Отбасы, әйелдер мен балалар мәселесі жөніндегі РФ Мемлекеттік Дума Комитеті сандардан, қысқарған және балағат сөздерден тұратын ерекше есімдерді тіркеуге тыйым салады.

031c20ed1b63e5d0ad62a1afd9b8075e

Фото: images.aif.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сенатор Валентина Петренко 1998 жылдан бері тіркелген ерекше есімдердің статистикасын келтірді. Ұлдар иеленген ең өзгеше атаулар: «Николай-Никита-Нил, Христамрирадос, Дельфин, Ярослав-Лютобор, Лука-Счастье Саммерсет Оушен болған. Қыздар арасында: Апрель, Полина-Полина, Принцесса Даниэлла, Заря-Заряница, Алеша-Каприна, Океана, София-Солнышко» сынды есімдер кезіккен.

Сонымен бірге бастама авторы 10 жылдан бері шешілмей келе жатқан ұлдың оқиғасын баяндап берді:

«БОЧ рВФ 260602 (Биологиялық нысан түрі адам, ВоронинАдер – Фроловтар тұқымынан, 2002 жылдың 26 маусымында туылған) әлі күнге дейін құжатсыз өмір сүріп жатыр. Себебі, мәскеулік АХАЖ сәбидің мүддесін қорғау мақсатында оның есімін тіркеуге алудан бас тартқан. Сот та АХАЖ қызметкерлерінің пайдасына шешілді. Заң жобасын қабылдау кәмелетке толмаған сәбилердің заңмен қорғалатын мүддесі мен конституциялық құқықтарын тиімді мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Валентина Петренко.

Бүгінде РФ заңнамасында ата-аналарды балалардың мүддесі мен құқықтарын бұзбайтын есімдерді ғана беруге міндеттейтін норма жоқ. Сондай-ақ, айқын бассыздықтарда қандай шара қолдану керектігі де заңда көрсетілмеген. Мұндай еркіндік кейбір адамдардың ата-аналық құқықтарын асыра пайдалануына әкеп соғады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар