Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде айналаны шолуға арналған аттракционда отырған кісі ұмыт қалған

Исловодскте ер адам  жарты сағат уақытын айналаны шолу аттракционының ең жоғарысында  өткізген. Саябақ қызметкері ол кісінің барын ұмытып, әткеншекті тоқтатып қойған. Оған қарап отырған қызметкер бәрін жауып, өзі жарты сағат уақытқа басқа жаққа кетіп қалған.

шолу

Бұл туралы “Лента.ру” сайты жазды.

27 шілде күні қаладағы құтқару қызметіне аттракционның ең биікте орналасқан орындығында адам қалып қойғаны жайлы ақпарат түскен. Ол кезде  айналаны шолу дөңгелегі тоқтап тұрған. Ал, жоғарыда қалып қойған кісі көмек сұрайын десе, жақын жерде адамдар қарасы да көрінбеген. Құтқару қызметі келіп, саябақ қызметкерін шақыртқан. Аттракционды қосып, азаматты жерге ама-сау түсіріп алған.

Құтқарушыларды жоғарыда қалып қойған азаматтың өзі шақырған екен. Ал сол жердегі қызметкерлер «аттакционда адам барын көрмедік» деп ақталған.

 

Талқылау