Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 300 метрлік шұжық әзірленді

Калининград қаласында «Ұзын шұжық күні» мерекесіне келгендер салмағы 300 келіден жоғары үш жүз метрлік шұжықтан дәм татты. Бұл шара көне Кенигсберг дәстүрі бойынша өткізілуде.

1455317138_kolbasa (1)

Сурет newsera.ru  сайтынан алынды

Бес жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан мерекенің тарихы 16-ғасырдан бастау алады. Оны қаладағы Дүниежүзілік мұхит мұражайы өткізеді. Жергілікті кәсіпорын әзірлеген шұжық қаладағы мерекенің басты нышаны болып саналады.

Былтырғы шұжықтың салмағы 130 келі болса, одан бір жыл бұрынғысы 120 келі шығыпты. Биылғы шұжықты жиналған қауымның алдына жеткізуге  14 жігіт жұмылдырылған.

 

Талқылау