Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей тұрғындары ластанған орындарды шенеуніктердің есімімен атай бастады

Ресейде Нефтекамск қаласының тұрғындары лас орындарды шенеуніктердің есімімен атай бастады.

ce8df652-3da8-4165-91b3-76c2ae85b0ac

Бұл туралы Ufa1.ru хабарлайды.

Ерекше әдісті қалалық биліктің назарын аудару үшін Башқұртстан тұрғыны ойлап тауыпты. Қала белсендісі орман аймақтарын ретке келтіру туралы мәселені бірінші рет көтеріп отырмаған көрінеді.

Енді әбден ластанған орындарға шенеуніктердің суреті ілінген, аты-жөні жазылған тақтайшалар ілінуде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәселе тек қоқыста ғана емес, қурап қалған ағаштар да қауіп төндіруде.

“Қурап қалған, шіріген ағаштар адамдар өміріне қауіп төндіреді. Шенеуніктер болса ештеңе өзгертуге тырысатын емес. Барлық кінәні қалалықтарға артып қойып жатыр”, – деді Александр Афанасьев.

Талқылау