Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Жанна Фрискенің ем алуына жиналған 20 млн. рубльдің ұрлануы тексеріліп жатыр

Ресейлік қор қайырымдылық акциясы аясында Жанна Фрискені емдетуге жиналған 20 миллион рубль көлеміндегі қаражаттың ұрлануына қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрап РФ Тергеу комитетіне өтініш білдірді.

8698330

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Қайырымдылық қорының ресми сайтында әнші Жаннаның есепшотындағы қаражаттың жоқ болып кетуіне байланысты елең еткізерлік ақпарат шықты.

Бұл мәселеге қатысты қор 2016 жылдың 20 қаңтарында қаражаттың қолды болуы себепті қылмыстық іс қозғау туралы РФ Тергеу комитетіне өтініш түсірген.

Әнші әрі актриса Жанна Фриске 2015 жылы 16 маусымда қайтыс болған еді. Оның мұрагерлігінде – Мәскеудегі пәтері, қала сыртындағы үйі және банкте жеке есепшоты қалған. Бұл мүліктерге ие бола алатын адамдар ретінде әкесі Владимир Фриске, анасы Ольга Копылова және кішкентай ұлы Платон, сондай-ақ азаматтық некедегі күйеуі болған Дмитрий Шепелевтердің есімі аталады.

Ресей заңына сай қайырымдылық қор мақсатты жәрдемақыны өз есепшотында бір жылдан астам уақыт сақтауға құқылы. Ал Жанна Фриске мен Русфонд арасындағы келісім 2014 жылдың 19 қазанында жасалған. Бұл бойынша телекөрермендердің аударған 25 миллион 11 мың 790 рубль Жаннаның атына аударылған.

“Мұнымен сотқа дейінгі дауды шешу мүмкін болмады. РФ Азаматтық кодексі 582-ші бабы бойынша аударылған ақшаны жұмсауға қатысты ақша берушінің келісімі қажет. Жәрдемақының тоқтатылғаны туралы ақпарат оның мұрагерлеріне жіберілді”, – дейді қордың заңгерлері.
Өткізбеңіз:
Талқылау