Реджеп Тайып Ердоған: Қазақстанда өз үйімдегідей сезінемін

Сенбі, 9 Қыркүйек , 2017 14:06

Бүгін Түркия елінің президенті Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанға келді. Кездесу барысында ол Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170909131234

“Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отырған шақта Астанаға келгеніме қуаныштымын. Алғаш рет Қазақстанға табан тірегенімде Алматыға келген едім, енді міне жаңа Астананы көріп отырмын. Жалпы Қазақстанды өзіміздің екінші үйіміз санаймыз, мұнда өз үйіміздегідей сезінеміз», – деді Ердоған Ақордада.

Өз сөзінде Ердоған Түркияның Қазақстанмен қарым-қатынасты барлық салада нығайтуға тырысып жатқанын айтты. Ол экономика, мәдениет, әскери сала. Ердоғанның сөзіне қарағанда екі ел арасындағы тауар айырбас 2 миллиард долларды құрап отыр.

“Мұнымен тоқтап қалмайтынымыз анық. Бұдан бұрын біз бұл көрсеткішті 5 миллиард долларға дейін жеткіземіз деп мақсат қойдық. Оған Қазақстанның да, Түркияның да мүмкіншілігі зор», – деп атап өтті Ердоған.

Бұдан өзге, Түркия басшысы әркез аймақтағы шиеленістерді шешуге тырысатын Назарбаевқа алғысын жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында қарамағындағыларды балағаттай беретін әкім жұмыстан қуылып тынды

Алматыда әділдік іздеген әйелді өзін өртеп өлуге мәжбүрлеген судья кінәсін мойындамай отыр

ЭКСПО-ның жабылу салтанаты қалай өтпек?

ҚР СІМ шетелдегі қазақстандықтарға «Ирма» дауылы кезінде не істеу керектігін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар