Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Реал” он адаммен “Барселонаны” сырт алаңда жеңіп кетті (видео)

Мадридтік “Реал” Испания чемпионатының 31 туры аясында католониялық “Барселонамен” кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті.

dvdv

Сурет vk.com

“Эль-классико” деп аталып кеткен айтулы матчтың бірінші таймы тең аяқталған. Алайда ойынның екінші бөлігінде Жерар Пике 56-шы минутта гол салып “Барселонаны” алға шығарды. Алты минут өткенде Кәрім Бензема есепті теңестіре алды. 83-ші минутта Серхио Рамос өзінің екінші сары қағазын алып, алаңды тастап шығуға мәжбүр болған. 85-ші минутта Роналду жеңіс голын салып, матч нүктесін қойды.

“Реал” осы жеңістен соң 69 ұпаймен үүшінші орынға тұрақтады.

“Барселона” үшін бұл матч барлық турнирдегі 40 жеңістен кейінгі алғашқы жеңіліс болып отыр. Соңғы рет Луис Энрике шәкірттері 2015 жылы 3 қазанда “Севильядан” ұтылған.

Талқылау