Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Реал”-“Манчестер Сити” матчында Зидан шалбарын жыртып алды (видео)

Мадридтік футбол командасының бас бапкері Зинедин Зидан шалбар шақ келтірмейтін болды. Ол таяуда Чемпиондар Лигасының жартылай финалында “Реал” мен “Манчестер Сити” арасындағы матч кезінде шалбарын тағы жыртып алды.

1024759092

Сурет ru.sputnik.kg

Тағы дейтініміз, Зидан осыған дейін “Реал” “Вольфсбургпен” жасыл алаңға шыққан кезде Бенземаның тепкен добы немістердің қақпасына түспей қалған уақытта айқайлап еңкейе беріп, шалбардың ауын жыртқан еді.

Қызығы мен шыжығы мол болған “Манчестер Ситимен” кездесу кезінде де мадридтік бапкер матчтің немен аяқталарын уайымдап, толқыған кезде тым шалт қозғалса керек. “Реал” мен “Манчестер Сити” арасындағы қарымта матч 4 мамыр күні Испания астанасында өтеді.

Талқылау