Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Реал» футболшыларына өлім тілеген журналист жұмыстан қуылды

Испанияда Виктор Алтадилл атты каталониялық журналист «Реал» командасына қатысты айтқан тілегіне байланысты, осы кезге дейін жұмыс істеп келген Radio Internaсional радиосындағы қызметтен қуылды.

uz24.net_emirates-real-madrid-klubiga-a380-rusumidagi-yangi-samolet-tadim-etdi_1

Сурет ello.uz сайтынан алынды

Бұл туралы gazeta.ru сайты хабарлайды.

Сөйтсе, ол твиттердегі парақшасында осы клубтың футболшылары мінген ұшақ қанатының әуеде істен шығып, бұзылып қалуын тілеген екен. Ал Radio Internaсional басшылығы мұндай хабарламаның радио ұстанған көзқарасқа мүлде қарама-қайшы келетіндігін айтты. Бұл радиода алуан түрлі пікірлердің айтылуына болады. Бірақ, мұның өзінде журналистік этиканың қарапайым ережелері бұзылмауы тиіс.

Талқылау