Рамзан Қадыров қазақстандық “Алтын жүрек” марапатына ұсынылды (фото)

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек , 2016 16:45

Рамзан Қадыров қазақстандық бүлдіршіннің Түркияда емделуі үшін қаражат бөлген еді. Қыздың анасы Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыровты “Алтын жүрек” марапатына ұсынды.

204998

Рамзан Қадыров қазақстандық «Алтын жүрек» сыйлығына ұсынылды. Ол Павлодар тумасының емделуіне көмектескен еді. Бұл туралы аталмыш сыйлықтың бас үйлестірушісі Гүлзат Сахатова Sputnik-ке хабарлады.

«Біз жыл сайын қайрымдылықпен айналысатын жандарды 11 аталым бойынша марапаттаймыз. Солардың бірі – «Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымына кішкентай Элифтің анасы Айнұр Нұржанова Рамзан Қадыровты ұсынды», – деді Сахова. Айтуынша, марапат тарихында алғаш рет жоғары лауазымды тұлға сыйлыққа ұсынылып отыр.

204859

Ол Шешенстан президенті екібастұздық қыздың отасын төлегеннен кейін марапатқа ұсынылғанын атап өтті. Рамзан Қадыров бүлдіршіннің еміне 10,5 мың доллар қаражат бөлген еді.

«Үміткерлердің арасында өзге елдің азаматтары, олардың ішінде ирландиялық қайырымдылық қорының өкілі Фиона Коркоран бар. Ол Семей қаласында Хоспис салып берген. Одан бөлек, қазақстандық мүгедек балалардың шетелде ем алуына үлесін қосып жүрген ресейлік Анна Вербина үміткерлер қатарында», – деп атап өтті марапат үйлестірушісі.

Айта кетейік, марапатқа үміткерлер арасында Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бар. Ол өз табысынан 10 миллион теңге көлемінде қаражатты мүгедек балалардың есебіне аударды.

204863

Сахованың айтуынша, былтырғы жылы марапатқа үмікерлер саны 100 болса, биылғы жылы қазірдің өзінде 150-ден асып кеткен. Әр аталымда екі лауреаттан болады, олардың біреуі жеңімпаз ретінде таңдалмақ.

Ұлттық қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығы 2007 жылдан бері табысталып келеді. Дәстүр бойынша, марапаттау рәсімі қазан айының соңында өтеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Қадыров: Шешенстан бауырлас Қазақстан халқына кез келген көмек көрсетуге дайын

Данияр Елеусінов 10 миллион теңгесін сал ауруына шалдыққан балаларға аударды (фото, видео)

Айсәуле Бақытбек қайырымдылықпен айналыса бастады

Эмбер Херд 7 млн долларын қайырымдылыққа жұмсамақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар