Рахман Омардың ұлы анасының өлімі жайлы айтып елді жылатты (видео)

Рахман Омардың ұлы Досхан анасының өлімі жайлы айтып, көпшіліктен көмек сұрады.

Досханның видеода айтқан сөзі, БАҚ өкілдеріне өтініші желіде жария болды. Бұл туралы Қарагөз Сүлейменова парақшасында жазды.

“Маусым айында құрбым Гүлдерайым Омаровадан айырылып қалғанымызды, Алматының қақ ортасында пәтерін жалдап тұрушылардың қолынан қаза тапқанын білесіздер. Соған қатысты тергеу ісі өте баяу жүріп жатыр. Болжам бойынша пәтерде сутенерлер тұрған. Бір еркек, екі әйелдің қатысы бар. Қылмыс болғаннан кейін бір әйел далада жүрген. Көршілері көрген. Бірақ істің ақ қарасы әлі анықталмай жатыр.

Тұтқынға алынған әйел аузын ашпайды, енді бірі бостандықта жүр. Қоғамда болып жатқан бұл масқараға неге тиісті орындар бейжай қарап отыр? Әйелдер пышақ алып жүгірсе, ертеңгі күніміз не болады? Құрметті оқырман, Гүлдерайым қорлықпен, жас кетіп отыр. Артында 3 баласы қалды. Мінезге бай, кең пейілді абзал жанның бірі еді. Өзі де 3 жасынан жетімдік көріп өскен. Балаларын жеткіземін деп талмай еңбек етті. Ертең қырқы. Ал қылмыскер әлі жазасын алған жоқ. Осыған бәріміз бірге ел болып атсалысайық. Жан-жақты жариялауларыңызды сұраймын. Құрметті БАҚ өкілдері сіздер де қалыс қалмасаңыздар екен”, – деп жазады ол.

Маусым айында құрбым Гүлдерайым Омаровадан айырылып қалғанымызды, Алматының қақ ортасында пәтерін жалдап тұрушылардың қолынан қаза тапқанын білесіздер. Соған қатысты тергеу ісі өте баяу жүріп жатыр. Квартиранттарынан 90мың теңге қарызын алуға барады. 2,5 жыл сол пәтерді жалдап тұрған адамдар. Өздері күндіз шақырған. Гүлдерайым барған кезде жанжал шықса керек, ол әпкесіне звондап шақырады. Әпкесінің сол кезде қолы босамай 10минуттан сон хабарласам дейді, содан Гүлдерайымға хабарласа алмайды.Телефонын көтермейді. Алаңдап 1сағаттан соң іздеп барады, квартиранттары есікті ашпай кетіп қалғанын айтады. Астыңыздан су шыкты ма, не болды сізге деп әпкесін үйге кіргізбеген. Оған дейін Гүлдерайым салық төлеуге барам деген екен. Сол жақтан іздейді. Онда да жоқ. Содан үлкен ұлы Досханға звондайды. Анасын іздеп шыққан Досхан квартиранттары тұрып жатқан пәтердің есігін сындырып кіріп, өліп жатқан анасының үстінен түседі. Өз көзімен көреді. Сөйтіп жүргенде әйелдің біреуі бұған пышақ ала жүгіреді.Досхан әрең қашып шығып милиция шақырады. Еденді жуған, пышақты жуған, аққан қанның бәрін тазалап, айғақты жоғалтпақ болған. Кәдімгі әккі қылмыскерлердің ісі. Содан милиция келіп терезеден секірем деп тұрған қылмыскер әйелдің бірін тұтқындайды. Болжам бойынша пәтерде сутенерлер тұрған. Бір еркек, екі әйелдің қатысы бар. Қылмыс болғаннан кейін бір әйел далада жүрген.Көршілері көрген. Бірақ істің ақ қарасы әлі анықталмай жатыр. Тұтқынға алынған әйел аузын ашпайды, енді бірі бостандықта жүр. Қоғамда болып жатқан бұл масқараға неге тиісті орындар бейжай қарап отыр? Әйелдер пышақ алып жүгірсе, ертеңгі күніміз не болады? Құрметті оқырман, Гүлдерайым қорлықпен, жас кетіп отыр. Артында 3 баласы қалды. Мінезге бай, кең пейілді абзал жанның бірі еді. Өзі де 3жасынан жетімдік көріп өскен. Балаларын жеткіземін деп талмай еңбек етті. Ертең қырқы. Ал қылмыскер әлі жазасын алған жоқ. Осыған бәріміз бірге ел болып атсалысайық. Жан-жақты жариялауларыңызды сұраймын. Құрметті БАҚ өкілдері сіздер де қалыс қалмасаңыздар екен. @_stan.kz @kaznews @kazakh_inform @ktktv @31arna @365infokz @astana.tv @kazpress @nur_otan @mvd.kaz Репост жасайық!!! #әділдікорнасын #балажетімқалмасын #анаөліміболмасын

Публикация от Карагоз Сулейменова (@karagozsuleimenova)

Ал, анасының өліміне қатысты ұлы Досхан өз назын айтты. БАҚ өкілдерінен көмек сұрады.

“Денис Теннің өлімі бәріне ауыр тиді. Өкінішке қарай дәл сол қайғы біздің отбасымызда да болды. Анамды пәтер жалдаушылар өлтірді. Оның бірі бостандықта жүр. Осы уақытқа дейін істің қалай болып жатқаны жөнінде ақпарат білмейміз. Бізге белгісіз себептермен бірнеше тергеуші ауыстырылды. Адам өліміне қатысты полицияға бірнеше уақыт хабарласа алмадық. Олар да тез арада келе қоймады. Бұл ұрлық, тонау емес адам өлімі ғой”, – дейді Досхан.

Досхан анасын еске алып, көптің жүрегін елжіретті.

“Мені енді ешкім айналайын деп еркелетпейді, мен енді ешкімге жетістігімді, проблемамды айта алмаймын. Дәмді палаудың иісін сезіне алмаймын. Үш баланы анасынан айырғаны үшін кім жауап береді? Іс баяу жүріп жатқандықтан БАҚ өкілдерінен көмек сұраймын. Қалалық ІІД мен ІІБ істі өз бақылауына алса екен деймін. Адам өлімі қалыпты нәрсеге айналмауы керек. Өлім болған соң уақытты өткізбеу керек. Қарапайым халықтан осы сөзімді өзгелермен бөлісуді сұраймын”, – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін актер әрі тележүргізуші Рахман Омардың бірінші әйелін екі келіншек пышақтап кеткенін хабарлаған едік. Гүлдерайым Омарова алған жарақат салдарынан көз жұмған. Рахман Омардың өзі  бұрынғы әйелінің өліміне қатысты пікір білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар