Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рахман Омардың бірінші әйелін екі келіншек айуандықпен өлтіріп кетті

Актер әрі тележүргізуші Рахман Омардың бірінші әйелін екі келіншек пышақтап кетті. Гүлдерайым Омарова алған жарақат салдарынан көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Рахман Омардың бірінші әйелін екі келіншек айуандықпен өлтіріп кетті

Жантүршіктірерлік оқиға жайлы актриса Қарагөз Сүлейменова желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, Гүлдерайым Омарованы пәтерін жалға алушылар айуандықпен өлтіріп кеткен.

“Жанымыз құлазып, жүрегіміз жылап отыр. Орны толмас қаза. Дүйсенбі күні Гүлдерайым Омаровадан айырылып қалдық. Тапа-тал түсте кісі қолынан қаза тапты. Заманның айуандалғаны соншалық, квартиранттарынан ақша алуға барғанда 30-дың төңірегіндегі екі әйел пышақтап өлтірген. Алла жазаларын берсін. Мінезге бай, көпшіл, тәрбиелі, қазақтың данакөз қыздарының бірі еді. Өте кішіпейіл, аса инабатты, жайдары жүзі көңілімізден кетпейді”, – деп өкінішін білдірді ол.

Рахман Омар мен Гүлдерайым Омарованың артынша үш ұлы қалған. Қарагөз Сүлейменованың айтуынша, жұп тұңғыштарының есімін Досхан Жолжақсыновтың құрметіне қойыпты.

“Ол бала Чехияда екінші курсты бітірді. Екінші ұлы мектеп бітірді. Кенжесі 8 жаста. Рахман Омар екеуінің бастаған өмір жолдары көз алдымызда өтті. Өмір бойы ерінің абыройын асқақтатып, азаматтарына талмай тәрбие берді. Бүгін жер қойнына тапсырдық. Алланың қалауы болар, ортамыздан мезгілсіз кетті. Артында қалған ұлдарына анасының көрмеген қызығын, жасамаған жасын берсін. Алланың бұйрығына амал жоқ..Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жаны жәнатта болғай. Алды пейіш, арты кеніш болсын. Аллам ұрпақтарына өмір берсін. Мәңгі жүрегімдесің”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Рахман Омар бүгінде актриса Ақмарал Дайрабаевамен некеде. Жуырда ғана ұлды болған актерлер жұбы дүркіретіп той жасаған болатын. Актер ұлының есімін Мейрамбек Бесбаевтың құрметіне атаған. Мейрамбектен бөлек, Рахман Омар мен Ақмарал Дайрабаеваның Ғажайып және Абдрахман есімді балалары бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау