Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рүстем Жүгінісов Грузияда өтетін халықаралық байқауға үш хит әзірлеп жатыр

Қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісов Грузияда өтетін халықаралық байқауға қатыспақ. Ол Discover Silk Road Star — “Жібек жолынан жұлдызды табу” байқауына дайындалып жатыр. Аталған сайыс Грузия елінде тамыз айында өтеді. Байқауға 14 елдің өнерпаздары қатысады.

Рүстем Жүгінісов

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Рүстем бұған дейін талай халықаралық байқаулар мен фестивальдерге Қазақстанның атынан қатысқан. Әсіресе, “Жаңа толқын” байқауынан кейін ол халықтың ыстық ықыласы мен махаббатына бөленді. Ол “Жаңа толқында” көрермен көзайымына айналған болатын.

Бұл жолы Рүстем Грузияда Discover Silk Road Star — “Жібек жолынан жұлдызды табу” байқауына қатысады. Отандасымыз өзге қатысушылармен бірге байқаудың үш кезеңінен өтеді. Қатысушылар арасында Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина, Польша, Румыния және Ұлы Жібек жолы жүріп өткен өзге де елдің қатысушылары бар.

“Біз үш музыкалық нөмір дайындауымыз керек. Ол – әлемдік хит, өз еліңнің және Грузияның хиты. Қандай ән таңдағанымды әзірге айтпаймын. Қазақтарда “көз тиеді” деген тіркес бар екенін білесіздер. Бірақ қатты дайындалып жатқанымды айтқым келеді. Мен вокалдық қабілеттімен қазыларды таңғалдырмақ ниеттемін”, – дейді Рүстем.

Жас орындаушы үлкен байқаудың алдында қатты қобалжып отырғанын жасырмайды.
“Анам үнемі мақсат қойып, оған жету керектігін айтады. Ең бастысы, сахнада тұрғанда адреналинді жеңуім керек. Әйтпесе ол мені жеңіп кетеді. Менің басымнан өткен бір жағдайдан кейін бір жыл бойы сахнаға шықпай қойдым, себебі адреналин бойымды билеп алды, бәрін ұмыттым. Енді тырысамын”, – дейді Жүгінісов.

Тағы оқыңыз: 

Бақыт Шадаева жар болатын азаматқа іздеу салды

Сәкен Майғазиевке Мұхаммед пайғамбардың көрпесінің қиындысын көрсеткен әйел әншіні жылатты (видео)

Ең үлкен, ұлы махаббат: Танымал қазақ журналисі шетелдік күйеуіне ата-анасының қалай қарағанын айтып берді

Сәдуақасова енді актриса: Мәдина өзін сынағандарға жауап берді

Талқылау