Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путинге қастандық жасамақ болды деп айыпталған күдіктінің өзіне оқ атылды

Адам Осмаев мінген көлікке Киев түбінде шабуыл жасалған. Сөйтіп, ұлты шешен қашқын жарақат алып, ауруханаға түсті. Ал, оның әйелі сол жерде қаза тапқан, деп хабарлайды КТК.

“Әйеліме алғашқы көмек көрсетуге тырыстым. Бірақ, қолымнан ештеңе келген жоқ. Оқ оның басына тиіпті. Бізге жасалған шабуылға әлдебір террористік ұйымның қатысы бары анық”, – дейді зардап шегуші Адам Осмаев.

Адам Осмаевтың өзі бұған дейін Ресей президентіне қастандық ұйымдастырмақ болды деп айыпталған. Солтүстіктегі көршілер оған 5 жыл бұрын халықаралық іздеу де жариялаған еді. Содан бері қашқынға бірнеше рет қасақана шабуыл жасалыпты. Мәселен, маусымда осы Киевте өзін журналистпін деп таныстырған адам Осмаевтың көзін жоюға әрекеттенген. Ол кезде әйелі Әмина Окуева құтқарып қалған екен. Ал бұл жолы сол әйелдің өзі қаза тауып отыр. Жұбайынан айырылған Осмаев қастандықты Ресей тарапының ұйымдастырғанына сенімді.

Тағы да оқыңыз:

Үндістанда тұрғын үйдің үстіне төбеден ұшақтың есігі құлап түсті

Лас-Вегастағы атыстан аман қалған ерлі-зайыпты екі аптадан соң жол апатынан көз жұмды

Өз еркінсіз тұрмысқа шыққан қыз күйеуі мен оның 12 туысын улап өлтірді

Талқылау