Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пушкиннің 25 жастағы ұрпағы әлемдегі ең жас миллиардер болды

25 жастағы Хью Ричард Луи Гросвенор Ұлыбритания мен әлемдегі ең жас миллионер болды. Ол бай британдықтар тізімінде үшінші болып тұр.

photo_192205

Фото:  © mirror.co.uk

Ол бұл тізімге әкесі Джеральда Кавендиша Гросвеор көз жұмған соң енді. Әкесі 64 жасында 9 тамыз күні қайтыс болды.

Джеральд ГросвенорЧарльз ханзада мен патша отбасының жақын досы болды. Оның табысы 9 млрд фунт (12 млрд доллар) деп бағаланды. Әкесі көз жұмған соң оның табысы мен атағын ұлы иеленді.

Бұдан бөлек герцог Хью «пол-Лондон» жылжыматын мүлік тізіміне де ие болады. Оның әкесі Лондондағы ауқатты аудандарында жер иеленген. Сондай-ақ жас мұрагер Джордж ханзаданың кіндік ұлы болғандықтан оның да мұрасын алуға құқылы.

xw_1291533

Фото: www.vesti.ru 

Хью Гросвенор Александр Пушкиннің қызынан тараған ұрпақ. Пушкиннің кіші қызы Наталья неміс ханзадасы Никола Вильгельма Нассауға тұрмысқа шыққан. Олардың қызы ұлы князь І Николайдың немересі Михаил Михайлович Романовтың жары болған.

Олардың қызы Анастасия алмаз магнаты Харольд Вагнерге тұрмысқа шығып, Ұлыбританияның ең бай әйелдері қатарына кірді. Ал, олардан туған Наталья Хью Гросвенордың анасы.

Наталидің әпкесі Александра Анастасия Филипс, Пушкиннің үлкен шөпшегі герцогиня Аберкорн Солтүстік Ирланияда тұрады. Ол өз қаражатына Пушкин премьясын құрған. Премья әдебиеттегі дарынды оқушыларға беріледі.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейде ит Пушкиннің қолтаңбасы қойылған кітап тауып алды

Әлемдегі ең бай адамның дәулеті 89 млрд долларға жетті

Түрлі қылмыс жасаған ең бай саналатын 11 модель (фото)

Талқылау