Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Продюсер Абуованы өзінен қарыз алған жігіттер алдап кетті

“Меломен” тобының экс продюсері Жанна Абуовадан ер азаматтар қарызға ақша алып, қайтармай кеткен. Дәл қазір Абуова қарызды қайтармаған жағдайда жігіттердің есімін барша Қазақстанға жариялап, ұялтатынын айтып жатыр.

10375758_1141048609240327_1891099053_n-620x378

Фото: gakku.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Әзірге қарыз алып, қайтармақ ниет білдірмеген жігіттердің есімі тек продюсердің өзіне мәлім. “Қазір біртүрлі заман. Құрметті жігіттер, қарызға ақша аласыңдар да, қайтармайсыңдар. Артынша мұны жұртқа жария етіп, артымыздан өсек сөз айтасыңдар. Достарыңа мақтанып, бұл әрекеттеріңді абырой санайсыңдар. Осылайша ақыр заман да таяп қалған сияқты. Егер ақшаны қайтармасаңдар, есімдеріңді жұртқа жариялаймын”, – деп Жанна ханым бұл сөздердің кімге бағытталғанын өздері де білетіндігін жеткізді.

Продюсердің сөзіне сенсек, өзінен қарыз алған азаматтарды жақсы таниды әрі олардың қайтармауға шешім қабылдағанын таныстарынан естіген. Әзірге Абуованың бұл сөзінен кейін жігіттердің қарызды қайтарып-қайтармағаны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

“Меломен” тобы өздеріне жаңа продюсер іздеген болып шықты

“Меломенге” бұрынғы әндерін орындауға тыйым салынды

“Меломен” vs продюсері: Алуа Қонарова кімге жақтасты?

Жанна Абуова “Меломен” тобының өлеңдерін жаңа жобасына табыстады

Талқылау