Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент зейнетақы қорындағы қаржыны «өзімдікі» деуге болмайды деді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Хабар» арнасына берген сұхбатында қазір көптеп талқыланып жүрген  БЖЗҚ-дағы қаржының басқарылуына  да тоқталды. Көпшілік президент жолдауынан кейін қор жекеменшікке берілер болса,болашағына алаңдайтындарын жасырмаған еді.

БЖЗҚ

«Халықтың жылдар бойы жинаған зейнетақысы жекеменшік басқаруға берілетін болса болашағы қандай болады? Себебі, көпшілік мұның соңы не боларына алаңдаушылықпен қарап отыр. Тіпті  кейіннен қолды болып кетеме деген үрей де бар?»,- деді журналист Бейсен Құрамбек.

Президент өз кезегінде бұл шешімінің болашағына сенімді екенін ескертті. Тіпті, әр азамат өз атындағы қаржыны “Өзімдікі” деудің дұрыс еместігін түсіндіріп берді.

«Ешкім БЖЗҚ-дағы қаржыны “өзімдікі”деп айта алмайды. Себебі, оны әр азамат өзі төлеп отырған жоқ. Оны салық төлеушілер, жұмыс беруші, мемлекет салып жинады. Сондықтан, ол ақшаға талас тудырудың керегі жоқ. Оны мен өз қадағалауымда ұстап отырмын. Өзге дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп жаңа бағытта айналымға салатын боламыз. Еселеп көбейту мүмкіндігі де бар. Халық ол қаржының болашағына алаңдамаса да болады. Тікелей өз бақылауымда»,-деді президент.

Сонымен қатар Президент екінші деңгейлі банктерге бұл қаражат сеніп тапсырылғанын, алайда банктердің өзі дағдарысқа тап болғанда, Қор қаражатына да қауіп төнгенін айтты. Екіншіден, банкирлер де халықтық қаражатты өз акционерлеріне несиеге бере бастағанын айтып, бұған ең алдымен мемлекет жауапты екенін жеткізді.

«Біз Ұлттық банкке осы зейнетақы қаражатын бергенде осы қауіптерді еске алдық», – деді Елбасы.

«Менің ойымша, халыққа алаңдаушылықтың қажеті жоқ: мемлекеттің міндеті – зейнетақы қаражатын сақтау. Екіншіден, мен зейнетақы қорларындағы қаражатты барлық кәсіпорындарға бірдей жарата беруге болмайтынын айттым. Үкімет тек бюджеттің тапшылығы негізінде оны жұмсай алады. Өйткені мемлекет сол қаражатқа өзі жауап береді», – деді Мемлекет басшысы

Талқылау