Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент бірқатар министрлер мен әкімдерге зейнеттен кейін де қызметін жалғастыруға рұқсат берді

Президент зейнеткерлік жасқа толған бірқатар министрлер мен әкімдердің өкілеттіктерін ұзартты. Олардың ішінде Школьник, Божко,Кулагиндер бар.

-заседание Правительства1, 11.10.13
Мемлекет басшысының жарлығымен «Қазақстанның мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері ұзартылады:

Қазақстанның Энергетика министрі Владимир Школьниктің — 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің — 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың — 2020 жылғы 22 қарашға дейін;

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің — 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін;

Қазақстанның Ауғанстан Ислам республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімовтің — 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Дәненовтің өкілеттілігі 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Талқылау