Президент: Билік адамдардың проблемасын естуге міндетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімі кезінде Қазақстан билігінің адамдардың проблемасын естіп, олардың шешуге міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

«Экономикалық, әлеуметтік және саяси ілгерілеу – бұл біздің осы заманның сын-тегеуріндеріне берер жалғыз дұрыс жауабымыз. Біз әлемге ашықпыз, үздік жетістіктерге, алдыңғы қатарлы технологияларға ұмтыламыз. Жасампаз өзгерістер адамдардың игілігі үшін. Прогресс дегенді осылай түсінемін. Бұл орайда билік адамдардың талабын естіп, проблемаларын сол жерде шешіп, азаматтар алдында тұрақты түрде есеп беруге міндетті. Уәде беру емес, іске көшуі керек», - дейді Тоқаев.
Айта кетсек, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, қызметіне кірісті.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”