Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент: Бес бастама ең алдымен сіздерге арналған, құрметті ханымдар

Назарбаев парламент отырысында жарияланған бес әлеуметтік бастаманы ең алдымен әйелдер қауымына арналғанын айтты. Мемлекет басшысы бұл туралы  Астанадағы «Қазақстан» концерт залында өтіп жатқан «Көктем шуағы» атты концертте айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бүкіл әлем әйелдің ақ тілегінің арқасында шаттық шуағына бөленіп тұр. Ана мен бала мәселесі ешқашан біздің назарымыздан тыс қалған емес. Мен алдыңғы күні өздеріңіз естіп білгендей халыққа үндеу жолдап, бес жаңа әлеуметтік бастама ұсындым. Әрбір отбасына, жастарға, сонымен бірге әйелдерге де бұл бастамалардың барлығының шарапаты тиеді. Себебі, онда айтылған мәселелердің бәрі әйелдерге тікелей қатысты. Атап айтсақ, баспананы әрбір отбасыға қолжетімді ету, білім гранттарын күрт көбейту,  шағын несиелерді беріп, сонымен бірге көптеген әлеуметтік мәселелер қамтылғанын білесіздер. Яғни, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты бағдарлама ең алдымен сіздерге арналған, құрметті ханымдар», – деді Елбасы Астанадағы «Қазақстан» концерт залында өтіп жатқан «Көктем шуағы» атты концертте.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, әйелдің жағдайы жақсы болса, әлеуметтің жағдайы да жақсы болады.

Сонымен қатар, бес бастаманы әдейі көктемнің ең шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жариялағанын айтты.

«Барлық шаруаны қиналмай атқарып, іскер әйелдердің ерлігі де, өрлігі де өзіне жарасып тұрады. Арулардың ақыл-ойының күш-жігері өз шаңырағын да, қоғамды да өрге сүйрей алады. «Әйелдерсіз күн көруге болады, бірақ көрген күнің күн болмайды» деген Қадыр ақын. Сіздер әрдайым ер-азаматтарға қолғанат болып, оларды үнемі қолдап келесіздер», – деді Президент.

Тағы оқыңыз:

Мәжіліс төрағасы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы Сириядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

Елбасы мұғалімдердің жалақысы 80%-ға өсетінін айтты

Қанат Бозымбаев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Талқылау