Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы мұғалімдердің жалақысы 80%-ға өсетінін айтты

Мемлекет басшысы ресейлік телеарна тілшісімен әңгімелесу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері жөнінде айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне және перспективаларына тоқталып, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің негізгі мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді, деп жазады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінің мәнін түсіндіріп, оны сапалы түрде орындаудың маңызды екенін айтты.

“Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысында мұғалімдердің жалақылары да өсетін болады. Қазір біз мектептерде білім берудің жаңа мазмұнына көштік, бұл мұғалімдердің жалақысын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары көзделген. Санаты көтерілген мұғалімдердің жалақысы қосымша 50 пайызға көбейетін болады”, – деді Қазақстан президенті.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да балалар үйінде өскен жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарған

Атыраулық дәрігерлер неліктен шие иісті мүшеқапқа тапсырыс бергендерін түсіндірді

Жоғалып кеткен алматылық қыздың ағасы: Желіде сөйлескен жігіт қарындасыммен 3 сағат пәтер жалдаған

Талқылау