Президент алты минуттық мәлімдемесінде не айтты?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналады.

«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі  ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны  жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру  бағыты бойынша  кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», – деді Президент.

Мәлімдемеде Назарбаев адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы 10 қаңтарда  жарияланады.

Тағы оқыңыз:

Ербол Шорманов “Астана ЭКСПО-2017” компаниясының басшысы болып тағайындалды

Қуандық Бишімбаев зәулім коттедждің кімге тиесілі екенін айтты

Назарбаев алғашқылардың бірі болып Ақ үйде Трамппен кездеседі

The Economist: Назарбаев 2018 жылы президенттіктен кетуі мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар