Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ербол Шорманов “Астана ЭКСПО-2017” компаниясының басшысы болып тағайындалды

Ахметжан Есімовтің бұрынғы орынбасары Ербол Шорманов “Астана ЭКСПО-2017” АҚ-ның басшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, компания қызметінің бірқатар бағыттарын айқындап берді.

“Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, “Астана ЭКСПО-2017″ компаниясы әрі қарай жұмысын жалғастырып, маңызды міндеттерді атқара бермек”, – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, Шорманов 2015 жылдың 20 тамызынан бастап “Астана ЭКСПО-2017” компаниясында төраға орынбасары, кейін төраға міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.

Жіберіп алмаңыз:

Қуандық Бишімбаев зәулім коттедждің кімге тиесілі екенін айтты

Назарбаев алғашқылардың бірі болып Ақ үйде Трамппен кездеседі

The Economist: Назарбаев 2018 жылы президенттіктен кетуі мүмкін

Мамин ұлттық компания директорлар кеңесіндегі Досаевтың орнына ауысты

Талқылау