Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыздан қалып қойған музыкант пианинода ойнап, өнерімен жұртты таңқалдырды (бейне)

21 жастағы итальяндық музыкант Эмануэль Фазано Миланнан Римге баратын пойыздан қалып қойды. Бірақ бұл кешігу ол үшін жұртқа танымал болуға, бірнеше келісімшарт жасасуға негіз қалады, деп хабарлайды lifenews.ru.

20160106214135

Жас жігіт уақытты ұту үшін вокзалдағы пианинода өзінің шығармаларының бірін орындады. Сол жерде болған продюсер оның аяқ астынан көрсеткен өнерін түсіріп, Желіге салған.
Ролик тез арада танымал болды. Жас жігіт өзінің бұл ойнауы жұртқа қатты ұнағандығына алғашқыда сене де алған жоқ.
Ол телеарнаға шақырылды және оған Ұлыбританияда концерт қоюға ұсыныс жасалды. Бұған дейін Эмануэль Фазано тек мейрамханалар мен қонақ үйлерде ғана өнер көрсететін болған.

Талқылау