Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Португалияда бағасы 3 млн теңге болатын әлемдегі ең қымбат шоколадты көрсетті

Португалияда өткен халықаралық шоколад жәрмеңкесінде әлемдегі ең қымбат кәмпит көрсетілді. Не бәрі 1000 дана шығарылған тәттіні жергілікті шоколад шебері Даниэль Гомеш әзірлеген.

Сурет: Reuters

Бұл туралы mir24.tv хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әлемдегі ең қымбат кондитерлік өнімнің құны – 7728 евро, яғни  3 миллион теңге тұрады. Шоколадты әзірлеу барысында шафран жіптері, ақ трюфель, мадагаскар ванилі пайдаланылған. 23 караттық алтынмен жабылған шоколадты португалиялық шебер Даниэль Гомеш әзірледі.

Португалия жаңалықтары атап өткендей, Даниэль Гомеш  шоколадты әзірлеу үшін бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Гомеш  әлемдегі ең қымбат саналатын шоколадтан тек  1000 дана ғана жасап шығарды.

Әрбір кәмпиттер қара ағаштан жасалған, сондай-ақ лак жалатылған қорапшаға салынған. Қорапшаның өзі Swarovski тастарымен, інжу-маржан және алтын гравюрімен безендірілген. Әлемдегі ең қымбат эксклюзивті шоколад өнімі Біріккен Араб Әмірлігі, Ангола, Аргентина, сондай-ақ Ресейге жіберілді.

Жіберіп алмаңыз:

Улы жыландарды үйретуші ер адам кобра шағып алғаннан кейін көз жұмды

Африкалық оқушылар компьютерлік бағдарламаларды қарапайым тақта мен бордың көмегімен үйреніп келген (фото)

Ғалымдар жыныс мүшесі өспейтін ер балалары бар ауылды анықтады

Дәрігер ауру баланы “ағзаң вируспен өздігінен күрессін” деп ауруханадан шығарып жіберген

Талқылау