Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкалық оқушылар компьютерлік бағдарламаларды қарапайым тақта мен бордың көмегімен үйреніп келген (фото)

Ганада информатика пәнінің мұғалімі қарапайым тақта мен бордың көмегімен оқушыларға аталған пәнді оқытып келген. Оның бұл әрекеті желіде тарап кетіп, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Тіпті, бриатниялық университеттердің бірі мен Microsoft компаниясы оқушыларға компьютер тарту етті.

Сурет: Ричард Акото

Бұл туралы Quartz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Көптеген африкалық оқушы шынайы компьютерді алғаш көргендерін мойындады. Ал Ганада ұлттық емтиханнан өту үшін, оқушылар информатика пәні мен бағдарламалардың қалай жұмыс істейтінін білуі тиіс.

Десе де өз ісіне берілген мұғалімдердің бірі қажетті құралдар болмаса да, қарапайым тақта мен бордың көмегімен оқушыларға информатика пәнін оқытып келген. Мұғалім тақтаға Word бағдарламасын сызып көрсетіп, оқушыларға бағдарламаның қалай жұмыс жасайтынын үйретпек болған.

Сурет: JoyOnline

12 наурызда NIIT африкалық компьютерлік мектебі білім мекемесіне 5 компьютер мен информатика пәні бойынша оқулық берген. Мұғалім Ричард Акото Microsoft компаниясынан жеке комьютер мен білі беру бағдарламаларының кешеніне ие болды. Сонымен қатар мұғалім таяуда Сингапурде өткен білім беру жөніндегі конференцияға шақырту алыпты. Ол жерде мұғалімге аталған сыйлықтар табысталды.

Сурет: Ричард Акото

Десе де мұғалім оқушыларға тиісті деңгейде білім беру үшін әле де бірнеше компьютер қажет екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар жыныс мүшесі өспейтін ер балалары бар ауылды анықтады

Дәрігер ауру баланы “ағзаң вируспен өздігінен күрессін” деп ауруханадан шығарып жіберген

Қасиетті тауда телефонмен ойнаған жігіт құздан құлап мерт болды

АҚШ-та қызы және ұлымен некелесіп алған әйел түрмеге қамалды

Талқылау