Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасиетті тауда телефонмен ойнаған жігіт құздан құлап мерт болды

Қытайдың қасиетті тауларының бірінде телефонмен ойын ойнап отырған турист, құздан құлап қайтыс болды. 20 жастағы жігіт Цзюхуа тауындағы буддистер ғибадатханасының сыртындағы орындықта демалмақшы болған.

Бұл туралы Mirror хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұялы телефонына сонша үңілген жігіт, орындықтың арқа тіреуішіне жантайғысы келген. Алайда, ол ғибадатхана сыртында орналасқан орындықтың арқа тіреуішсіз екеніне мән бермеген. Таудағы орындықтың қандай екеніне назар аудармаған турист, ақыры жеті метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды.

Жігіттің қасиетті таудан абайсызда құлаған сәті сол жердегі бақылау камерасына түсіп қалған.

Жас жігіт Қытайдың қасиетті тауында орналасқан ғибадатханаға әкесімен келген екен. Олар дұға ету үшін баспалдақпен көтерілген, алайда аздап демалғысы келген жігіт құздан құлап өлді.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та қызы және ұлымен некелесіп алған әйел түрмеге қамалды

Қоқыстан құны 100,000 доллар тұратын гауһартас әшекейлер салынған пакет табылды

Жол полицейі әріптесін пара алып жатқан жерінде ұстап берді (видео)

Сыныптастарынан қорлық көрген бисексуал бала өзіне қол жұмсаған

 

Талқылау